Астанада Түркіменстан мен Қазақстан мемлекеттік комиссиясының 12-ші отырысы өтті
(last modified Wed, 17 May 2023 10:13:37 GMT )
Maм 17, 2023 16:13 Asia/Almaty
  • Астанада Түркіменстан мен Қазақстан мемлекеттік комиссиясының 12-ші отырысы өтті

Астанада Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының он екінші кезеңі өтті.

Fars ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, бұл отырыста Түркіменстан делегациясын осы елдің премьер-министрінің орынбасары  Батыр Атдаев, ал екінші тарапты Қазақстан  премьер-министрінің орынбасары  Роман Скляр  басқарды.

Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары екі ел арасындағы сыртқы сауданың оң динамикасына ризылығын білдіріп: «Ашхабад Астанамен экономиканың әртүрлі салаларында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырады»,- деді.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары да елі мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін ынтымақтастықтың барлық салаларында қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып: «Жоғары деңгейдегі кездесулер, сондай-ақ дәстүрге айналған делегациялар мен жұмыс топтарының өзара кездесулері екіжақты қарым-қатынастарға берік негіз береді»,- деп айтты.