Қазақстанның Ауылшаруашылық министрі отставкаға кетті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i6988-Қазақстанның_Ауылшаруашылық_министрі_отставкаға_кетті
Қазақстанның Ауылшаруашылық министрі осы ел халқының шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сату мен жалға беруге байланысты наразылықтардың нәтижесінде отставкаға кетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 08, 2016 14:42 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ауылшаруашылық министрі отставкаға кетті

Қазақстанның Ауылшаруашылық министрі осы ел халқының шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сату мен жалға беруге байланысты наразылықтардың нәтижесінде отставкаға кетті.

Fars ақпарат агенттігінің «Власть» басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Асылжан Мамытбеков ҚР Президентіне өзінің отставкаға кету туралы өтінішін тапсырған. Нұрсұлтан Назарбаев оның өтінішін қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні осы елдің Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке халықты дұрыс хабардар етпегені үшін қатаң сөгіс жариялаған болатын.

Шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сату мен жалға беру туралы хабарланғаннан кейін ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бері Қазақстан қалаларының көбінде халықтық наразылықтар орын алды.