Қазақстанда Ақпарат және технология министрлігі құрылады
ҚР Президенті осы елде Ақпарат және технология министрлігінің құрылатынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев ғаламтордағы қызметтер мен ақпараттық кеңістікті, соның ішінде әлеуметтік желілерді бақылау туралы өткізген отырыста: «Осы күнге дейін елде ғаламторлық желілерді бақылайтын арнайы орган болған жоқ.
Қазіргі таңда елде БАҚ-тың жұмысы Даму және инвестиция министрлігінің бақылауында. Бұл министрліктің осы сала бойынша мамандығы жоқ.
Ақпарат және технология министрлігінің міндеті ғаламтордағы барлық белсенділіктерді, соның ішінде ғаламторлық басылымдар, әлеуметтік желілер мен осы саладағы тағы да басқа істерді бақылау болады»,-деді.
Бұда бұрын Қазақстанда БАҚ-тың жұмысын бақылау осы елдің Мәдениет министрлігінің қарамағында болды, ал 2010 жылы бұл министрлік Мәдениет және спорт министрлігіне айналды, содан соң БАҚ-ты бақылау Қазақстанның басқа ведомствосына жүктелген болатын.
2010 жылдан бері бұл елдегі БАҚ-тың жұмысын бақылау Даму және инвестиция министрлігінің қарамағындағы комитеттің міндеті болды.