Қазақстанда мазасыздықтар жалғасуда
Қазақстан полициясы биліктің жерді жекешелендіру жоспарына наразылық білдірмек болған ондаған азаматты құрықтады.
ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметі бойынша Қазақстан полициясы сенбі күні бірнеше белсенді азаматты ұстап, Алматы қаласының негізгі алаңына баратын жолды бөгеп, жер мәселесіне қатысты наразылық акциясына тосқауыл қойды.
Өткен екі апта бойы Қазақстанның түрлі қалаларында жүздеген адам көшелерге шығып, биліктің шешіміне наразылық танытты.
Қазақстан азаматтары жерге қатысты жаңа заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Осы заң бойынша Қазақстанның егістік жерлері шетел азаматтарына сатылады немесе ұзақ мерзімге жалға берілетін болады. Осы заң бойынша билік жерді шетелдіктерге 25 жылға жалға беретін болады.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі халықтың жерді шетелдерге сату және жалға беруге қатысты наразылықтарына байланысты отставкаға кетті.