Қазақстаннан Қытайға 30 тоннадан аса уран жөнелтілді
Ядролық отынның екінші партиясы Қазақстаннан Қытайдың АЭС-іне жөнелтілді.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеме жасап: "Қазақстанда ядролық отынның сапасы тексерілгеннен кейін 30 тоннадан аса аз байытылған уран Қытайдың бір АЭС-іне жөнелтілді",-деп хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, ядролық отын партиясы Өскемендегі Қазақстан мен Қытайдың Ulba-TVS ортақ компаниясында дайындалған.
Қазақстанның Ulba-TVS зауытының алдағы 20 жылға сатылым нарығы кепілдендірілген. Зауыт алдағы жылы өндіріс қуатын толық көлем, яғни 200 тонна уранға жеткізуді көздеп отыр.
Ядролық отын саласында инновациялық компанияны іске қосу Қазақстанға осындай отын өндіретін және қамтамасыз ететін санаулы елдердің қатарына қосылуға мұрсат берді.
Қазақстанның алғашқы ядролық отын партиясы 2022 жылы желтоқсан айында Қытайға тапсырылған болатын. 2023 жылдың аяғына дейін тағы бірнеше партия жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.