Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына лаңкестікке қолдау көрсетті деген айып тағылды
(last modified Thu, 20 Jul 2023 16:35:01 GMT )
Шіл 20, 2023 22:35 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына лаңкестікке қолдау көрсетті деген айып тағылды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның екі орынбасары ресми түрде осы елде лаңкестікке қолдау көрсетушілер тізіміне енгізілді.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарлары Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ресми түрде осы елде лаңкестікке қолдау көрсетушілер тізіміне енгізілді.

Айта кету керек, Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі 2009 жылдан бері лаңкестікті қаржымен қамтамасыз ету мақсатында ақша жылыстатумен айналысқан адамдардың тізімін жасап келеді. Бұл тізімге сот лаңкестік немесе экстремистік қылмыс жасады деп анықтаған адамдар енгізіледі.

Банктер осы тізімге енген адамдардың барлық активтерін бұғаттап, оларды ресми құжат рәсімдеу қызметтері мен сақтандырудан шектейді.