Иран Қазақстанның тау-кен көрмесіне қатысады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i71476-Иран_Қазақстанның_тау_кен_көрмесіне_қатысады
Иранның Геология және барлау ұйымы өзіне тиесілі бір компанияның Қазақстанның халықаралық тау-кен көрмесіне қатысатынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 01, 2023 18:20 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанның тау-кен көрмесіне қатысады

Иранның Геология және барлау ұйымы өзіне тиесілі бір компанияның Қазақстанның халықаралық тау-кен көрмесіне қатысатынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің Иранның Геология және барлау ұйымына сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Қазақстанның Алматы қаласында өтетін 28-ші халықаралық тау-кен көрмесінің барлау, өндіру және тиісті техника мен құрал-жабдықтар бөліміне қатысады.

Бұл көрме биыл 20-22 қыркүйекте Сауда және көрмеге қатысты іс-шараларды дамыту компаниясы тарапынан Иранның Тау-кен үйі және Иранның тау-кен инженерлік жүйесі ұйымының қолдауымен өтеді.