Қазақстан АЭС салуды көздеп отыр
(last modified Mon, 21 Aug 2023 14:21:42 GMT )
Там 21, 2023 20:21 Asia/Almaty
  • Қазақстан АЭС салуды көздеп отыр

Қазақстан АЭС салу орнын белгілеу мен қажетті реакторды таңдау бойынша зерттеу жүргізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зерттеулер нәтижесі бойынша Алматы облысындағы Үлкен ауылы АЭС салуға қолайлы жер деп танылды.

Қазақстан заңдарына сәйкес, ядролық нысандар салу және атом қуатын пайдалу туралы шешімді ел үкіметі қабылдайды.

2022 жылы қарашада өткен Алматы облысының жергілікті маслихаты осы жобаны орындауға келісті.

Қазақстанның Энергетика министрлігі әлі АЭС салатын компания туралы шешім қабылдаған жоқ. Қытайдың CNNC компаниясы, Оңтүстік Кореяның KHNP компаниясы, Францияның EDF компаниясы, Ресейдің ROSATOM компаниясы осы жобаны орындауға үміткер ретінде қарастырылуда.