Бір көне көрден таңғажайып диск табылды
(last modified 2023-09-08T11:36:15+00:00 )
Қыр 08, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Бір көне көрден таңғажайып диск табылды

Қазақстанда археологтар бір көне көрден қола дәуіріне тиесілі бір қыз бала мүрдесінің қалдығын тапты, оның жанынан құрбақа бейнеленген қола дискі де табылды.

"Хабар Онлайн" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда қола дәуіріне тиесілі бір қыз бала мүрдесінің қалдығы табылды. Көрде көптеген заттар, соның ішінде рәсімдік мақсатта қолданылған ондаған жануардың сүйегі мен құрбақа бейнеленген қола дискі анықталды.

Зерттеушілер 2017 жылдан бері Қазақстанның шығысында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол кезден бері олар қола дәуіріне тиесілі 100-ден аса көрді, соның ішінде осы қыз жатқан көрді анықтады.    

Қыздың кім екендігі туралы мағлұмат аз, бірақ көрдегі көне заттардың көптігіне байланысты оның қола дәуір қоғамында қандай рөл ойнағаны туралы мәлімет алуға болады. Оксфорд академиясының айтуы бойынша, Орталық Азияда қола дәуірі б.з.д. 3200 жылдан 1000 жылға дейін жалғасын тапқан.

Тегтер