Ирандағы Қазақстан елшісі Раисиді Астанаға шақырды
(last modified Thu, 14 Sep 2023 14:50:19 GMT )
Қыр 14, 2023 20:50 Asia/Almaty
  • Ирандағы Қазақстан елшісі Раисиді Астанаға шақырды

Ирандағы Қазақстан елшісі Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің Қазақстанға Парсы шығанағының айлақтарына шығуға мүмкіндік беретінін айтып: "Екі ел арасындағы тасымал мен логистикаға қатысты үлкен бағдарлама бар",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Асхат Оразбай Теһрандағы Қазақстан елшілігінде өткен баспасөз отырысында Солтүстік-Оңтүстік дәлізін пайдалану саласында Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы одан ары артатынын айтып: "Осы мақсатта бүгінге дейін бірнеше делегация өзара ынтымақтастықты талқылау және Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің артықшылықтарын пайдалану үшін Иран мен Парсы шығанағы аймағына сапар шекті. Бұл тұрғыда Иранға үлкен сенім артамыз",-деді.

Асхат Оразбай Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің әлеуетін көбірек пайдалану керегін айтып: "Екі ел арасында тасымал мен логистикаға қатысты үлкен бағдарлама бар. Біз Парсы шығанағы арқылы үшінші елдермен байланыса аламыз",-деді.

Ирандағы Қазақстан елшісі сондай-ақ Иран Президенті Ибрахим Раисидің Астанаға ресми сапармен келуге шақырылғанын айтып: "Шақыру қабылданды, бірақ уақыт әлі белгіленген жоқ",-деді.

Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси-экономикалық салада жүргізген реформаларына тоқталып: "Жүргізілген экономикалық реформаларға сәйкес, Қазақстанның экономикасын дамыту үшін бәсекелестіктің артықшылықтарын әсерлі пайдалану және өндіріс, жұмыс, инвестиция, ресурстар мен технология сияқты барлық факторлардың потенциалын ашуға негізделген жаңа үлгі болады",-деді.