Қаз 10, 2023 21:40 Asia/Almaty

Қазақстан Президенті Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды.

«Fars news» агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның азық-түлік, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да ең қажетті заттардан тұратын гуманитарлық көмегі жақын арада Ауғанстанға әуе және теміржол арқылы жөнелтіледі.

Үйінді астынан адамдарды құтқару үшін Ауғанстанға Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да жіберіледі.

Сенбі күні Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 3,6 балдық жер сілкінісі болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі дүйсенбі күнгі есебінде Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған жуырдағы жер сілкінісі салдарынан 123 адам қаза тауып, 1663 адам жараланғанын хабарлады. Бұл есеп бойынша 516 адам із-түзсіз жоғалып кеткен және қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Тегтер