Қаз 28, 2023 18:42 Asia/Almaty
  • Қазақстанда шахтадағы өрт салдарынан 33 адам қаза тапты

Қазақстандағы шахтада метан газының жарылуынан болған өрттен 33 адам қаза тапты.

 


ISNA агенттігінің "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан билігі бүгін (сенбіде) осы елдің Қарағандыдағы "Костенко" шахтасында өрт шыққанын, кеншілерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Бұл шахтада жұмыс істеген 252 жұмысшының 205-і жер бетіне шығарылды. Сондай-ақ олардың 18-і емделуде.  

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Осы оқиғадан кейін Қазақстан үкіметі жалпыхалықтық аза тұту күнін жариялады.

Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне люксембургтік компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Үкімет мәлімдемесінде елдегі ең ірі болат зауытын басқаратын компанияны ұлттандыру туралы мәмілені аяқтап жатқанын хабарлады.

 

Тегтер