Астана әуежайындағы өрт рейстерді кейінге қалдырды
(last modified Tue, 27 Feb 2024 13:44:46 GMT )
Ақп 27, 2024 19:44 Asia/Almaty
  •  Астана әуежайындағы өрт рейстерді кейінге қалдырды

Қазақстанның бас қаласы Астананың халықаралық әуежайындағы өрт 18 рейстің кешігуіне және әуежай терминалынан жолаушыларды эвакуациялауға әкеп соқты.

    
 

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуежай басшылығы өрт туралы хабар бүгін (сейсенбі) жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:50-де түскенін және бір сағатқа жетпей (сағат 8:30 шамасында) ауыздықталғанын хабарлады. Әуежай хабарламасына сәйкес, өрттен туындаған қалың түтінге байланысты жолаушылар әуежай терминалынан эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Осы оқиғаның салдарынан No2 терминалдың серверлік бөлмесіндегі электр сымының бір бөлігі өртенді.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, әуежай басшылары кіретін рейстер қабылданып, шығатын рейстер кейінге шегерілетінін хабарлады.