Қазақстан Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған шабуылды айыптады
(last modified Wed, 03 Apr 2024 11:27:45 GMT )
Сәу 03, 2024 17:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған шабуылды айыптады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сирияның астанасы Дамаскідегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптап, мұндай әрекеттерді агрессивті және қабылданбайтын әрекет деп атады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, министрлік сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Біз дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қарсы кез келген зорлық-зомбылық  пен басқыншылық әрекеттерді қабылдауға болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық орындардың иммунитетіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын бұзады",- деп айтылды.

Дүйсенбі күні кешке Израильдің басып алынған Голан аймағынан Сирия астанасы Дамаскідегі ИИР елшілігінің консулдық бөліміне зымырандық шабуылында генералдар Мұхаммад Реза Захеди және Мұхаммад Хади Хадж Рахими  және тағы бес адам шәһид болды.