Қазақстан үкіметі қарсыластарына қарсы қысымдарды арттыруда
Қазақстан үкіметінің қарсыластарына қарсы қысымдарды арттыруының жалғасында наразылардың басшылары тұтқындалды.
Қазақстан үкіметінің шешімдеріне наразылық білдіретін шеру өтеді деп жарияланған соң бұл елдің полициясы үкімет қарсыластарына қарсы қысымдарды арттырып, бірнеше оппозициялық басшыны қамап, тергеу жүргізді.
Ақпарат көздері сондай-ақ, Қазақстанның батыс аймағындағы қоғамдық екі белсенді – Жанат Есентаев пен Естай Өтеповаға тергеу жүргізілгені туралы хабарлайды.
Астанада да Қазақстан Парламентінің бұрынғы депутаты әрі саяси белсенділердің бірі Әлихан Қайсаров та сәрсенбі күні кешке полицияның тергеуіне түсті. Деректер бойынша осы кезге дейін Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 20-дан астам азаматтық белсенді қамалып, полицияның тергеуіне түскен.
Жерді шетелдіктерге жалға беру заңына наразылар 21-ші мамыр күні шеруге шықпақ.
Ағымдағы жылдың 24-ші сәуірінен бері Қазақстанның кейбір басшылары тарапынан елдің солтүстік-батыс облыстарында қытайлықтарға жалға жер беруге рұқсат берілмек деген сөз шыққаннан бері елдің әртүрлі қалаларында наразылық толқыны көтерілді. Бірінші наразылықтар 24-ші сәуірде Атырау, Ақтөбе және Семей қалаларында өтті. Шетелдіктерге жерді жалға беру және сатуға қатысты наразылықтар тіпті Қазақстан халқының Бірлік күні – 1-ші мамырда да жалғасты. Содан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының Бірлік күні сөйлеген сөзінде бұл елде Украина сценарийінің қайталануы туралы ескерту жасап, халқты қырағы болуға шақырып: «Украинаның мықты экономикасы өткен екі жылдағы қақтығыстардың салдарынан құлдырады. Қазақстан дағдарыс тудырып, Украинаның тағдырын қайталамауы керек»,- деп баса айтты.
Қазақстанның кейбір саяси топтары елдегі өтіп жатқан шерулерді батыстықтардың наразылардың әрекеттерін саясиландырып, Астана үкіметін дағдарысқа тіреу әрекеттерінің нәтижесі деп атады. Бірақ, шын мәнінде, Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе Атырау, Ақтөбе және Семей аймақтарының халқы жерді бөгделерге ұзақ мерзімге жалға берудің салдарынан ауылшаруашылық жерлер құриды және мемлекет экономикалық-саяси тәуелсіздіктен айырылады деп алаңдауда.
Осы кезде Қазақстанда жерді бөгделерге, әсіресе қытайлықтарға беру заңына өзгеріс енгізу туралы мәселеге ерекше назар аударылуда. Жер заңына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша жер шетелдіктерге жалға 25 жылға берілетін болады. Бұл заңға қарсылық білдірушілер қытайлықтар осы жағдайды пайдаланып, Қазақстанның ауылшаруашылық жерінің үлкен бөлігін өздерінің ықтиярына алуы мүмкін деп санайды.
Қазақстанның ауылшарушылық жерлерін жалға алушылардың бірі ретінде Қытайдың аталуы елдің ішіндегі батысшыл топтардың реакциясына тап болды. Айта кететін жайт, кейбір бөгделер Қазақстан халқының наразылықтарын өз мүдделеріне пайдаланбақ. Бұл салада тіпті Ұлыбританияның барлау қызметтерінің аты да естілуде. Ұлыбритания барлау қызметінің айыпталуына оның өткен жылдағы үкіметтік күштер мен халықтық күштерінің қақтығыстарымен аяқталған Жаңаөзен бейберекеттіктеріне қатысты болуы себеп болуда. Мүмкін сол себепті де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы наразылықтарға бөгделерге араласуға мүмкіндік бермей, халыққа ескерту жасап, адамдарды үміттендіріп, елдің экономикасын жаңдандыруға уәде беріп, қоғамда ұлттық бірлікті сақтап, үкіметтің шешімдеріне сенім артуды талап еткен болар. Қалай болғанда да бұл ескертулер осы уақытқа дейін әсерін тигізген жоқ.