Қазақстан полициясы түрлі қалаларда наразы азаматтарды ұстады
Қазақстан полициясы түрлі қалаларда биліктің жерді шетелдіктерге сату жоспарына қарсылық білдіріп, митинг өткізбек болған наразы азаматтарды ұстады.
«Пресс ТВ» арнасының хабарлауынша, Қазақстан прокуратурасының бюросы кеше сенбі күні полицияның түрлі қалаларда митинг ұйымдастырмақ болған ондаған кісіні ұстап, Алматыдағы екі алаңның маңынан жағар май толтырылған бөтелкелер тапқанын мәлімдеген.
Куә болғандардың айтуынша, полиция күштері тексеру пунктінде жиналған 100-ге жуық наразы азаматты ұстап, олардың Алматыдағы «Тәуелсіздік» алаңына баруына кедергі жасаған. Басқа да топтар әртүрлі көшелерден осы алаңға бармақ болғанда полиция күштері наразы азаматтардың соңынан қуып, ұстап, оларды автобустарға мінгізіп, алып кеткен.
Астанада да бірнеше журналист пен наразы азаматтар ұсталған. Қауіпсіздік күштері митинг өткізуге белгіленген орынды қоршауға алған. Қазақстан ІІМ қайраткерлерінің бірі осы қалада митинг өткізбек болған бірнеше кісінің ұсталғанын растады. Қостанайда да бірнеше адам ұсталған.
Қазақстан қайраткерлері бұдан бұрын сенбі күніне жоспарланған митингтерді заңсыз деп атап, кез- келген арандатушылық шараның басып-жаншылатындығын айтып, ескерту жасаған болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан полициясы мен сот мекемелері сенбі күнгі митингтерге қатысуды жоспарлап жүрген ондаған белсендіні қамауға алуды бастады.