Маусым 08, 2016 17:15 Asia/Almaty
  • Қазақстанда қарулы шабуылдар орын алды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Ақтөбедегі таяудағы оқиғада шабуыл жасаған бірнеше адамның көз жұмғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев кеше 7-ші маусымда: «Осы уақытқа дейін Ақтөбедегі шабуылдардың жауапкершілігін өз мойнына алған «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталған топтың 13 мүшесі қауіпсіздік және полиция күштерінің амалдарында көз жұмды» деп мәлімдеді.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ақтөбеде шабуыл жасағандарды қылмыскер деп атап: «Бұл шабуылға қатысқандардың келесі төртеуі жарақат алды, жетеуі іздестірілуде. Үкімет шабуылға қатысқандарды ұстап, соттауға шешім қабылдады»,- деді.

Қазақстанның лаңкестікпен күрес штабы дүйсенбі күні: «Қазақстанда террорлық қауіптің "қалыпты сары сызық" деңгейі 40 күнге енгізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді»,- деп жариялады.

Қазақстанның қауіпсіздік күштерінің басшылары «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталған топ мүшелерінің шабуылдарынан біраз уақыт өткен соң: «Бұл топтың мүшелері жексенбі күні Ақтөбеде қару-жарақ сататын екі дүкенге, содан соң Ұлттық гвардия әскери бөліміне шабуыл жасады. Шабуылдың салдарынан кемінде 3 әскери және 3 әскери емес адам қаза болды»,- деп мәлімдеме жасады. Содан соң Ресей шекарасынан 60 км. жерде орналасқан 400 мың халқы бар қалада полицияның әрекеттері басталды. Бұдан бұрын қазақстандық басшылар шабуыл жасағандарды діни экстремистер деп атады. Көп ұзамай «Қазақстанды азат ету армиясы» деп аталған топ бұл шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды. Бұл күштерді діни экстремистер және үкіметке қарсы әскери қайраткерлер деген екі топқа бөлуге болады. Діни экстремистер елдің армиясының ішінде де болуы мүмкін. Мұндай болса, бұл мәселе екі есе маңызды: біріншіден, мұндай әрекеттер қоғамдағы наразылықтарды және соларды шешу үшін қарулы шабуыл қажет деп санайтын ой-пікірді көрсетеді; екіншіден, Қазақстан басшыларының елдегі экстремизмнің дамуына алаңдаушылық білдіруіне назар аударып, ел қоғамындағы экстремистік ағымдар аймақ пен әлемдегі жағдайларды пайдаланып, аймақтағы ұқсас әрекеттерден үлгі алып, осындай әрекетті іске асырды деген ой туады. Сондықтан исламдық ағымдар мен әскердің ішіндегі наразыларды пайдаланып, Қазақстандағы соңғы шабуылдарды жасағандарды анықтауға болады. Шытырман оқиға іздеушілер Исламды терең түсінбей, аз уақыттың ішінде Қазақстандағы қауіпсіздікті дағдарысқа тіреді.

Осыған орай өткен екі күндегі қарулы әрекеттер мен олардың Қазақстан үкіметіне наразылық білдіріп, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты диктатор деп атауы үкімет қайраткерлерінің алаңдаушылықтарын арттырды. Қазақстанның қауіпсіздік күштері, полициясы және үкіметтік органдары экстремистік топтарды сол лаңкестік шабуылды іске асырушылар деп атап, оларды басып-жаншуға бар күштерін салуда.

Алайда мұндай жағдайда үкіметке қарсы немесе оны сынайтын барлық топтар мен партиялар да үкіметтің саяси нысанасына алынуы мүмкін. Бұл жолы үкіметтік күштер үкіметтің қолдауына ие болып, саяси және діни экстремистерден бастап, дәстүрлі саяси қарсыластарды да нысанасына алмақ. Сол себепті әлемдік қауымдастық Орталық Азия аймағында немесе сол аймақтың республикаларының бірінде, соның ішінде Қазақстанда осы саладағы жаңа өзгерістердің куәсі бола ма деген сұрақ туындайды.

Тегтер