Қазақстан республикасының Елбасы осы елдегі жуықтағы шабуылдарды ұйымдастырушыларды қатаң жазалауды қуаттады
Қазақстан республикасының Елбасы Ақтөбе қаласындағы жуықтағы шабуылдарды ұйымдастырушыларды қатаң жазалауды талап етті.
Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Ақтөбе қаласындағы қанқұйлы шабуылдарды ұйымдастырғандардың барлығын ұстауды талап етіп, осы шабуылдарға қатысы бар кісілердің қарсылық танытқан жағдайда өлтірілуі керектігін қуаттады.
Осы мәлімет бойынша, сәрсенбі күні таңертең де қарулы кісілер Ақтөбе облысындағы оқушылардың ойын-сауық қосынының күзетшісін шабуыл нысанасына алған. Бірнеше қарулы адам жексенбі күні Ақтөбе қаласындағы қару сататын екі дүкенге, содан кейін қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Соның салдарынан кем дегенде 17 әскери мен 23 әскери емес азамат қаза тапты. «Қазақстан азат армиясы» деп аталатын топ осы оқиғаның жауапкершілігін өз мойнына алды.