Қазақстанда "түрлі- түсті" революцияның белгілері байқалды
ҚР Елбасы осы елде «түрлі- түсті" революцияның белгілері байқалды деп хабарлады.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Қазақстанның үкіметтік телеарнасынан таратылған баяндамасында: «Жақында Қазақстанда «түрлі- түсті» революцияның кейбір белгілері байқалып, шерулер өткізіліп, күдікті түрдегі кісі өлімдері болып, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға ұмтылыс жасалды" деп лаңкестікке тосқауыл қойып, «түрлі- түсті» революцияның белгілерін залалсыздандыру үшін қатаң жаза қолдануға бұйрық берілгенін қуаттады.
Назарбаев, сондай- ақ Ақтөбедегі жуырдағы оқиғаларды шетелдік күштердің ұйымдастырғанын қуаттап: «Қазақстан сыртқы қысымдардан туындап отырған қоқан-лоққылар мен қазіргі түйткілдерге тосқауыл қоюға толығымен дайын» деді.
Жексенбі күні бірнеше қарулы адам Ақтөбе қаласындағы қару сататын екі дүкенге, содан кейін қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Соның салдарынан кем дегенде 17 әскери мен 23 әскери емес азамат қаза тапты. «Қазақстан азат армиясы» деп аталатын топ осы оқиғаның жауапкершілігін өз мойнына алды.