Қазақстанның ҰҚК төрағасының орынбасары Ақтөбедегі лаңкестік шабуылдың мақсаты туралы мәлімдеді
(last modified Mon, 13 Jun 2016 15:35:09 GMT )
Маусым 13, 2016 21:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ҰҚК төрағасының орынбасары Ақтөбедегі лаңкестік шабуылдың мақсаты туралы мәлімдеді

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Ақтөбе қаласындағы лаңкестік шабуылдың мақсатын әсірешіл тұтқындарды түрмеден босату болғанын мәлімдеді.

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков "Лаңкестік топтың мүшелерін құрықтап, оларды тексеруден кейін осы топтың соңғы шабуылдарда елде тұрақсыздықты өрістетіп, аяғында әсірешіл топтардың тұтқындарын азат ету болғаны анықталды. Осы топ ұрлаған қарулар түгелдей анықталып, тәркіленді. 25 қылмыстық іс қозғалып, біртұтас тергеулерді жалғастыру үшін бір іс ашылды" деп мәлімдеді.

Бейтаныс қарулы адамдар 5-ші маусымда Ақтөбедегі қару сататын екі дүкен мен бір әскери базаға шабуыл жасады. Сол шабуылдар барысында кемінде 7 адам қаза болып, 38 кісі жараланды.