Қазақстан Ішкі істер министрі: Ақтөбеге лаңкестік шабуыл үшін 45 адам дайындалған болатын
Қазақстан Ішкі істер министрі: "Ақтөбе қаласы оқиғасына дайындалған кісілердің саны 45 адам болған. Олар Сириядан бұйрық алды" деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін сейсенбі күнгі баспасөз конференциясында: «Ақтөбе қаласына шабуыл жасау үшін 45 кісі алдын ала әзірлік танытқан еді. Алғашқы сағаттарда осы кісілерден 45 адам жиналды. Солардың 19- ы алдымен, содан кейін өзге 3 кісі лаңкестік шарадан бас тартты. Мұны қару сататын дүкенге орнатылған бейне камераны қарау арқылы байқауға болады. Осы дүкенге 25 лаңкес кірді. Олардың тағы бір кісі іс- қимылды жалғастырудан бас тартты. Осы топтың арасындағы жауапты басшысы Сириядағы өз жетекшілерімен байланыста болды» деп мәлімдеді.
Қасымовтың айтуынша, топтың құрықталған барлық мүшесі Қазақстандағы «қасиетті жиһадтың» бұйрықтарын осы кісі арқылы Сириядан алғанын растаған.
Қазақстан Ішкі істер министрінің айтуынша, құрықталғандардың арасында ұрлық жасаған, кісі өлтірген және диверсиялық әрекетке барған кісілер де болған.