Назарбаев: Әйелдер де Қазақстан Президенті болып сайлана алады
(last modified Sun, 19 Jun 2016 11:05:15 GMT )
Маусым 19, 2016 17:05 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Әйелдер де Қазақстан Президенті болып сайлана алады

"Қазақстан президенті өз қызын орынбасары ретінде дайындап жатыр" деген сөздер таралып жатқан жағдайда Қазақстан Президенті «Әйелдер де Қазақстан Президенті болып сайлана алады» деді.

Иран Телерадио бірлестігінің «Современник» интернет базасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні қойылған «Әйелдер Қазақстанның ең жоғары саяси лауазымына сайлана алады ма?» деген сұраққа: «Бәрі мүмкін. Қазақстан Президенті болып сайлануға дайын әйелдер бар. Қазіргі кезде Парламент мүшелерінің 30 пайызын әйелдер құрайды. Үкіметте де бірнеше әйел министр болып отыр. Мен үш қыздың әкесімін, сондықтан әйелдерге ерекше көңіл бөлемін»,- деп жауап берді.

Қазақстан Президенті әйелдердің бұл елдің президенті болып сайлану мүмкіндіктері туралы сөзі үлкен қызы Дариға Назарбаева бұл елдің вице премьер-министрі, мәжіліс мүшесі және үкіметтік емес бірнеше ұйымның басшысы болып отырған жағдайда айтылуда.

Қазақстан Президентінің екінші қызы Динара Құлыбаева (Назарбева) 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. Оның жұбайы Тимур Құлыбаев – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы.

Үшінші қызы Әлия Назарбаева – «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы. Оның жұбайы Данияр Хасенов – Қазақстанның бизнесмендерінің бірі.