-
Иранның оңтүстік-шығысында болған лаңкестік шабуылда 15 лаңкестің көзі жойылды
Сәу 04, 2024 19:48Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Иранның оңтүстік-шығысында болған 3 лаңкестік шабуылда осы күнге дейін 15 лаңкестің көзі жойылды",-деді.
-
Лаңкестер Иранның оңтүстік-шығысындағы екі әскери пунктіне шабуыл жасады
Сәу 04, 2024 19:03Иран үкіметі "Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы басшыларының бірі Салахеддин Фаруғиды (Абдулхамид Моллазаде) ДАИШ лаңкестік тобының басшылары сияқты Моссадтың лаңкестік саясатын ілгерілетуші деп санайды.
-
Иран Сыртқы істер министрлігі әлемнің барлық азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін жұма күні шеруге шығуға шақырды
Сәу 04, 2024 18:33ИИР СІМ Дүниежүзілік Құдс күні (1403 жылы 17 фарвардин, сәйкесінше 2024 жыл 5 сәуір) қарсаңында әлемнің азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін, мұсылман халықтар мен үкіметтердің барлығын аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзып отырған Израиль деген обыр ісіне қарсы күресу үшін және Палестина халқына шынайы қолдау білдіру үшін жұма күні шеруге шығуға шақырды.
-
Кедей елдерден медбикелердің көшуі; Африканың денсаулық сақтау жүйесі үшін Батыстың жаңа дағдарыс тудыруы
Сәу 03, 2024 19:49Халықаралық медбикелер қауымдастығы: "Бай елдер қажетті адам ресурстарының жетіспеушілігін шешу үшін кедей елдерден медбикелерді тарту арқылы оңтүстік жарты шардағы елдердің денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жағдайын нашарлатты",- деді.
-
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Израильдің Иран елшілігіне шабуылы айыпталды
Сәу 03, 2024 18:32БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израильдің Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуылына байланысты шұғыл отырысы сионистік лаңкестік әрекеттерді қатаң әрі ашық сынаумен өтті.
-
Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Израиль режимінің Иран елшілігіне жасалған шабуылын айыптады
Сәу 03, 2024 17:51Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ШЫҰ-на мүше елдердің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысына қатысу үшін Астанаға сапары барысында Ислам революциясы жетекшісінің өкілі - Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Акбар Ахмадиан қазақстандық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді.
-
Қазақстан Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған шабуылды айыптады
Сәу 03, 2024 17:27Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сирияның астанасы Дамаскідегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптап, мұндай әрекеттерді агрессивті және қабылданбайтын әрекет деп атады.
-
Раиси: Қылмыстық сионистік режим ешбір адами негізді ұстанбайды
Сәу 03, 2024 17:19ИИР Президенті: «Қылмыскер сионистік режимнің гуманитарлық және халықаралық қағидалардың ешқайсысын ұстанбайтыны баршаға дәлелденді",- деді.
-
Жүйе жауапты басшылары Ислам революциясының жетекшісімен кездеседі
Сәу 03, 2024 16:56Бүгін (сәрсенбі) жүйе жауапты басшылары мен бір топ ресми тұлғалар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездеседі.
-
Имам Хаменеидің жолдауы: Израиль бұл қылмысына өкінетін болады
Сәу 02, 2024 19:26Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі сионистік режимнің Дамасктағы Иран елшілігіне шабуылынан сардар Мұхаммедреза Захеди мен бір топ жауынгердің шәһид болуына орай жасаған мәлімдемесінде: "Иранның ержүрек ерлері узурпатор сионистік режимді осындай қылмыс жасағанына өкіндіреді",-деді.