-
БАӘ мен Сауд Арабиясынан Израильге жүк тасымалдайтын жүк көліктерінің кезегі
Ақп 02, 2024 18:04Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің порттарынан ондаған жүк көлігі Израильдің теңіз қоршауын бұзып, сол жерден басып алынған Палестинаға кіру үшін Иорданияға аттанды.
-
Ансаролланың Бас хатшысы: Соңғы аптада бұл елдің армиясы Қызыл теңізде сионистік, америкалық және британдық кемелерге қарсы 10 сәтті әскери операция жүргізді
Ақп 02, 2024 18:04Абдулмалек Бадреддин Йемен қарулы күштерінің Қызыл теңіздегі кемелердің баратын жерлерін мұқият қадағалап отырғанына тоқталып: «Америка сионистік кемелерге қолдау көрсету үшін жасаған соңғы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырады»,- деді.
-
Иран Сыртқы істер министрі ХАМАС саяси бюросының басшысы және Палестина Исламдық жиһады қозғалысының бас хатшысымен сұхбаттасты
Ақп 02, 2024 17:16Хұсейн Амирабдуллахиан Исмаил Ханиемен сұхбатында сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарын дереу тоқтатуды бүкіл аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудың кілті деп атады.
-
Амирабдуллахиан Боррельге ескерту жасады
Ақп 02, 2024 17:06Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Жозеп Боррель (бейсенбі) телефон арқылы Иран Ислам Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайын, сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылады.
-
Иран мен Қазақстан арасында туризм саласында ынтымақтастықты кеңейту керек
Ақп 01, 2024 22:54Қазақстандағы Иран елшісі Әли Акбар Джоукар Қазақстанның Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевпен кездесіп, туризм саласында ынтымақтастықты кеңейту керегін баса айтты.
-
АҚШ пен Ұлыбритания бейсенбі таңертең Йеменнің солтүстігі мен батысына шабуыл жасады
Ақп 01, 2024 22:39Йеменнің ресми ақпарат құралдары бейсенбі таңертең АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменнің солтүстігі мен батысына шабуыл жасағанын хабарлады.
-
АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды
Ақп 01, 2024 22:18АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар салынғанын хабарлады.
-
Ақ үй: Иранмен соғысуды қаламаймыз
Ақп 01, 2024 21:59Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық істерді үйлестірушісі: "АҚШ Иранмен соғысуды немесе аймақта ауқымды соғыс жүргізуді қаламайды",-деп мәлімдеді.
-
Амир Абдуллахиан: Иранның қоқан-лоқыларға жауабы жедел әрі кесімді болады
Ақп 01, 2024 21:40Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ сес көрсетіп, өз кінәсін өзгеге жаба сөйлегенді доғарсын. Өйткені Иранның қоқан-лоқыларға жауабы жедел әрі кесімді болады",-деді.
-
Азия кубогында Иран Сирияны жеңді
Ақп 01, 2024 21:08Азия футбол кубогының 1/8 финалында Иран командасы Сириямен ойнап, пенальти соғып жеңіске жетіп, ширек финалында Жапония командасымен ойнайтын болды.