Оңтүстік Хорасанда Құранның құнды қолжазбасының тұсаукесері өтті
ParsToday - Оңтүстік Хорасанда ирандық каллиграф 17 жыл бойы жазып, бес мың данамен басылған ислам әлемінің тамаша қолжазба Құранының тұсаукесері Иран каллиграфиясының ислам әлеміндегі орнын айқындады.
ParsToday-дың IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ислам әлемінің қолжазбамен жазылған тамаша Құраны Иранның Оңтүстік Хорасан облысының орталығы Бирджандта облыс басшыларының қатысуымен таныстырылды. Оңтүстік Хорасан қоғамдық кітапханаларының бас дирекциясының басшысы Әли Зохуридің айтуынша, бұл шығарманы профессор Хамидреза Никбин 17 жыл бойы жазып, 5000 данамен бастырып шығарған. Бұл Құран ислам әлеміндегі заманауи каллиграфияның ең құнды туындыларының бірі ретінде таныстырылды.
Зохури дүйсенбі күні: «Бұл Құран тек парсы қаріпімен жазылған және профессор Осман Таханың жазу стиліне негізделген және өнер мен мәдениет тұрғысынан ислам әлемінің ең керемет туындыларының бірі болып саналады», - деп мәлімдеді. Ол шетелден шығарманы жариялау туралы ұсыныстар түскеніне қарамастан, профессор Никбин оны Иранда басып шығаруды талап еткенін қосты.
Бұл каллиграфиялық Құранның авторы Хамидреза Никбин де: «Мен бұл туындыны ата-анам мен каллиграфия өнері жолында маған көмектескен барлық ұстаздарыма құрмет көрсету ниетімен жаза бастадым», - деді. Бұл ардагер өнерпаз көптеген жылдар бойы көркем білім беру саласында белсенді жұмыс істеп, каллиграфия бойынша құрметті дәрежеге ие болды.