-
Бүгін таңертең Газа секторының түрлі аймақтарына әуеден және жерден шабуыл жасалды
Қаң 19, 2024 19:28Бүгін таңертең Хан-Юнес, Рафах, Дейр ул-Балх қалалары, әл-Беридж және әл-Мағази лагерлері және Газа қаласының түрлі аудандарына әуеден және жерден ауыр шабуыл жасалды.
-
Сами Абузахридың Вашингтондағы Сауд Арабиясы елшісінің сөздеріне реакциясы
Қаң 19, 2024 19:06ХАМАС-тың аға мүшесі: "Газа араб елдерінің ресми қауқарсыздығына қатты ренжіді. Газаны қиратып, әйелдер мен балаларды өлтірген режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру арқылы көңілімізді одан ары қалдырмаңыздар",-деді.
-
Мексика мен Чили де Израильді сотқа берді
Қаң 19, 2024 18:28Мексика мен Чили Халықаралық қылмыстық сотта Израильдің үстінен Палестина жерінде "соғыс қылмыстарын" жасады деген айыппен іс қозғайды.
-
Пентагон: Йемендіктермен қақтығысуды қаламаймыз
Қаң 19, 2024 17:55АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі: "Вашингтон Иранмен де, Йеменмен де қақтығысуды қаламайды",-деді.
-
Йемен: Аден шығанағында бір америкалық кемені нысанаға алдық
Қаң 19, 2024 17:26Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Аден шығанағында бір америкалық кеменің нысанаға алынғанын хабарлады.
-
Қазақстан Премьер-министрі: Елде 48 ұлттық жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен жүзеге асырылды
Қаң 18, 2024 23:02Қазақстан Премьер-министрі: "Дүниежүзілік банкпен 30 жылдық әріптестік барысында елде жалпы құны 8 млрд доллар тұратын 48 ортақ жоба сәтті орындалды. Қазір 6 жоба орындалу үстінде",-деді.
-
Теһрандағы Пәкістан елшісінің қызметін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды
Қаң 18, 2024 22:34Бейсенбі күні таңертең Систан мен Белуджистан облысындағы шекаралық ауылда болған жарылыстан кейін Теһрандағы Пәкістан елшісінің қызметін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды.
-
АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы шабуыл жасады
Қаң 18, 2024 22:22Йеменнің ақпарат көздері осы елдің бірнеше қаласы мен ауданының АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылдарына ұшырағанын хабарлады.
-
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен телефон арқылы сұхбаттасты
Қаң 18, 2024 22:10Ислам революциясы жетекшісінің өкілі әрі Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі телефон арқылы сұхбатта екі елдің тамыры терең бауырластық қатынасы туралы сөйлесті.
-
Систан мен Белуджистан облысында Сақшылар корпусының бір қызметкері қаза тапты
Қаң 18, 2024 21:53Систан мен Белуджистан облысында Хаш-Захедан жолында болған лаңкестік әрекетте Сақшылар корпусының қызметкері полковник Хұсейнәли Джаведанфар оққа ұшып қаза тапты.