-
Насролла: Соғысқа дайынбыз, ештеңеден қорықпаймыз
Қаң 15, 2024 19:21Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы партияның бұрынғы қолбасшысы шәһид Весам Хасан Тавилді еске алу рәсімінде: "Газа халқының сионистік режимнің басқыншылықтарына жүз күн төтеп беруі – аңызға тең оқиға. Газа халқы жеңілмейді, тізе бүкпейді",-деді.
-
Йеменге шабуыл АҚШ-тың шынайы болмысын көрсетті
Қаң 15, 2024 18:48Иран Президенті әлем елдері үшін халықаралық кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін сақтау саясатын ұстану керегін баса айтып: "Йеменге шабуыл АҚШ-тың адамзатқа қарсы және агрессивті болмысын көрсетті",-деді.
-
Әбу Убайда: Күш қолдану – сионистердің қырып-жоюларына жауап
Қаң 15, 2024 18:11ХАМАС қозғалысының әскери тармағы Қассам батальондарының баспасөз өкілі сионистік режим армиясының басқыншылығына табанды қарсы тұрғандарына жүз күн толуына орай сөйлеген сөзінде: "100 күннің ішінде дұшпанның 1000-нан аса әскери көлігін жойдық. Жүздеген сәтті әскери операция жасадық",-деді.
-
Израиль армиясы: Газада 30 мың объектіні бомбаладық
Қаң 15, 2024 17:10Сионистік режимнің армиясы: "2023 жылы 7 қазаннан бері Газа секторында 30 мың объектіні, ал Ливанда 3400 объектіні бомбаладық",-деп мәлімдеді.
-
Захарова: Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ету тоқтатылғанда ғана бұл елде бейбітшілік орнайды
Қаң 15, 2024 16:54Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Батыс елдері Украинаға қатысты бейбіт келіссөздерге көмектескісі келсе, бұл елге қару-жарақ жіберуді тоқтатуы тиіс",-деді.
-
ОАР-да Израильдің геноцид жасағаны туралы іспен айналысып жатқан заңгерлер тобы ауқымды қолдауға ие болды
Қаң 15, 2024 16:33Израильдің Газада геноцид жасағаны туралы іспен айналысып жатқан ОАР-дың заңгерлер тобын Гаагадан елге қайтқанда әуежайда халық күтіп алды.
-
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: Сионистік режиммен қандай да бір әріптестік харам
Қаң 14, 2024 23:12Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: "Басқыншы сионистік режиммен қандай да бір ынтымақтастық жасау және оның қажеттіліктерін өтеу харам саналады. Барша ислам үмбетінен сионистік режиммен саяси-экономикалық байланысты тоқтатып немесе барынша кешеуілдетіп, осы режимге сауда-экономикалық санкция салып, байсалды қадамдар жасайды деп күтеміз",-деді.
-
Раиси: Палестина әлемнің басты мәселесіне айналды
Қаң 14, 2024 22:14Иран Президенті "Әл-Ақса дауылы" атты халықаралық конференцияда: "Палестина адамзат баласының басты мәселесіне айналды",-деді.
-
Тель-Авив үшін Газа соғысының шығыны 27 млрд шекелден асты
Қаң 14, 2024 21:29Al-Alam телеарнасының "Гаарец" газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авив үшін Газа соғысының шығыны 27 млрд шекелден асты.
-
Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларын толық сақтайтынын айтты
Қаң 14, 2024 21:08Қазақстанның Сауда министрі Батыс елдерінің Ресейге қарсы салған санкцияларын толық сақтайтынын айтып: "Өткен алты айда бұл елде Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкцияларын бұзған бірде-бір компания анықталмады",-деді.