Шіл 29, 2016 17:00 Asia/Almaty
  • Израильдік ақпарат көздері Израильдің Газа соғысында жүздеген баланы өлтіргенін мойындады

Израильдік ақпарат көздері 2014 жылы Газа секторында болған 50 күндік соғыста 546 баланың сионистік режим әскерилері қолынан қаза тапқанын мойындады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Израильдің «Бетеслим» мемлекеттік емес ұйымы бір есебінде: «Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, Израильдің Газа секторындағы 50 күндік соғысында сионистік режим 546 палестиналық баланы, соның ішінде 180 нәрестені өлтірген»,-деп хабарлады. Осы мәлімет бойынша, бұл балалардың көбі Құдсты жаулап алған режим әскерінің әуе шабуылдары барысында ажал құшқан. «Бетеслим» мемлекеттік емес ұйымы осыдан бұрынырақ та Газа соғысында қаза болған палестиналықтардың 63 пайызының қарапайым азамат болғанын айтып: «Израильдің қырғи ұшақтары осы соғыс барысында Газа секторындағы палестиналықтардың тұрғын аудандары мен инфрақұрылымдарын  бомбалады»,-деп мойындаған болатын.

Сионистік режим әскерінің 2014 жылы Газа секторына 50 күндік шабуылы (2014 жылдың шілде мен тамыз айлары) барысында 2300-ден астам палестиналық шәһид болып, мыңдаған адам жараланды.  

Тегтер