Там 22, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына тағы шабуыл жасады

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары мен артиллериясы жексенбі күні кешке Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахияның 50-ден астам нысанын бомбалады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің «Палестина әл-Яумға» сілтеме жасап  хабарлауы бойынша,  палестиналық ақпарат көздері сионистік режимнің қырғи ұшақтары мен артиллериясының Газа секторының солтүстігіндегі Құдс тобы, әл-Ғасам мен Абуәли Мұстафа батальондарына тиесілі позицияларды бомбалағанын хабарлады.

Сионистік режимнің зеңбіректері де Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Ханунның шығысында орналасқан Ауыл шаруашылығы институтының айналасындағы егіс алқаптарына ауыр шабуыл жасады.

Сионистік режим бұдан бұрын да Газа секторына зеңбіректен оқ жаудырды. Израильдік ақпарат көздері Газадан осы сектордың шығысындағы Садирот қалашығына бір зымыранның атылғанын хабарлады. Бұл шабуылда материалдық шығын болғанымен, адам шығыны болмаған.

Тегтер