Шіл 11, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Әл-Абади Мосулды азат еткені үшін Ирак армиясы мен халықтық күштеріне алғыс айтты

Ирак Премьер-министрі әрі Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдың азат етілуімен құттықтап, Ирак армиясы мен халықтық күштеріне қаланы азат ету талпыныстары үшін алғыс айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хайдер әл-Абади дүйсенбі күні елдің қауіпсіздік қолбасшылары жиналған Мосул қаласының көне бөліміне барып, Мосулдың толық азат етілуі туралы ресми жариялап, Ирак халқын жеңіспен құттықтап: «Ирак халқы ұлттық бірлігімен ДАИШ-ты жеңді. ДАИШ лаңкестік тобымен үш жыл соғыстан кейін Ирак халқы ұлттық бірлігімен лаңкестік ДАИШ тобын жеңді. Ирактың бұл жеңісінен кейін елдің бірлігі мен ынтымақтастығы күшейді. Бүгінгі жеңіс лаңкестікті жеңген тарихи оқиғаү Нәтижесінде ДАИШ үкіметінің билігі аяқталды»,- деді. Ол сонымен бірге Ирактың үлкен діни тұлғаларына, әсіресе аятолла Систаниге осыдан үш жыл бұрын шығарған жиһад тарихи пәтуасы үшін алғыс  айтты.

Ирак Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы соғыста Иракқа қолдау көрсеткен барлық елдерге алғыс айтты.

Мосулдың азат етілуіне байланысты Ирак үкіметі сейсенбі күнін ресми демалыс деп жариялады.

 

 

Тегтер