Maм 19, 2024 17:16 Asia/Almaty
  • Иранның таэквондо командасы бесінші рет Азия чемпионы атанды

Иранның таэквондо командасы бесінші рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Таэквондодан 26-шы Азия чемпионаты 16 мамырда Вьетнамның Дананг қаласында 33 елдің 244 таэквондошысының қатысуымен басталып, 18 мамырда аяқталды.

Жарыс соңында Иранның ерлер арасындағы таэквондо командасы 3 алтын (Мехди Хаджи Мусаи, Мұхаммед Хұсейн Яздани және Ариан Салими), 1 күміс (Әли Хошру) және 1 қола (Матин Резаи) алып, бесінші рет Азия чемпионы атанды.

Оңтүстік Корея 3 алтын, 1 күміс және 1 қола алып, екінші орын алса, Өзбекстан мен Сауд Арабиясы үшінші және төртінші орындарға табан тіреді.

Иранның таэквондо командасы бұған дейін 2008, 2010, 2014 және 2016 жылдарда жеңімпаз атанған болатын.

Әйелдер арасында Мелика Мирхұсейни мен Саида Насири Иранның атынан осы чемпионатқа қатысып, күміс және қола жүлде алды.

Тегтер