Шіл 17, 2017 08:36 Asia/Almaty
  • Барлық ирактық Мосулды азат етуге өз үлестерін қосты

Ирактың Ирандағы елшісі: "Мосулды азат ету амалдары Ирак халқының барлық қауымдарын, соның ішінде, араб, күрд, шиіт пен сүнитті біріктірді. Бұл жеңіске Ирактың барлық азаматтары өз үлестерін қосты" деді.

Ирактың Ирандағы елшісі Раджах Сабер Абур әл-Мусави жексенбі күні Теһранда ақпарат отырысында әл-Хашд әш-Шаабидің Мосулды ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етудегі рөліне тоқталып: "Хашд әш-Шаабидің болашағы туралы Ирак халқы шешім қабылдайды. Бұл халық жалғыз өзі Мосулда жеңіске жетті. Мосулды азат ету амалдары халықаралық одақ пен дос мемлекеттердің кеңесі және әріптестігімен жүзеге асқан толығымен ирактық амалдар болды. Ирактағы жеңіс әлемнің бейнесін өзгертетін болады" деді.

Ирактың Ирандағы елшісі ДАИШ-тың Исламның атын жамылып, Ирактың түрлі аймағында жасаған қылмыстарына тоқталып: "Мосулды азат ете алған Ирак халқы енді бірігіп, өз елін қайта қалпына келтіруге әрекет етеді. Себебі, бұл халық қиындықтарды жеңді" деді.

 

Тегтер