Шіл 25, 2017 07:29 Asia/Almaty
  • Иранның экспорттық азық-түлік өнімдерінің алғашқы тиелімі Ирактың Мосул қаласына жеткізілді

Иранның азық-түлік өнімдерін өндірушілер кәсіподақтары кеңесінің төрағасы Мехди Карими Тафреши Иранның экспорттық азық-түлік өнімдерінің бірінші тиелімінің Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының Мосул қаласына жеткізілгенін мәлімдеп:

"ДАИШ лаңкестік тобының көзі жойылып, Ирактың Мосул қаласында салыстырмалы түрде қауіпсіздік орнағаннан кейін ирандық азық-түлік компанияларының осы қалаға экспортын жүзеге асыру басталып, Иранның экспорттық азық-түлік өнімдері тиелген алғашқы тиелімі Ирактың Мосул қаласының көне бөлігіне жеткізілді" деді.

 

Тегтер