Қаз 31, 2018 20:24 Asia/Almaty
  • Астанада «Сирия бейбітшілігі» тақырыбындағы келіссөздердің келесі отырысы өтеді

Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы Айбек Смадияров Сириядағы қақтығыстар мен шабуылдарды тоқтату мақсатындағы Астана келіссөздерінің бұрынғыдай өткізілетінін мәлімдеді.

Ол тілшілерге берген сұхбатта Астана келіссөздері мақсатының Сириядағы қақтығыстар мен қатігездіктерді тоқтатуға арналатынын айтып, Қазақстан СІМ-нің Сирия қарсыластарының Астана келіссөздерінің келесі отырысына қатысатындығына үміт білдіретінін мәлімдеді.  

Ресей СІМ-нің орынбасары Михаил Богданов та дүйсенбі күні Сирия тақырыбында Астана келіссөздерінің келесі отырысының қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында өтетінін хабарлады.

Қазақстанның елордасы Астанада 2017 жылдың қаңтар айынан бері Сирия тақырыбына арналған келіссөздердің 9 отырысы өтті. Келіссөздерде Сирияның бірлігін, жер аумағының тұтастығын сақтау, елдің мәселесін бейбіт жолмен шешу, лаңкестік топтардың көзін жою қажеттігі қуатталды.

Екі жақ Сирия дағдарысындағы жасырын саяси мәселелердің елдегі ұзаққа созылған қақтығыстар мен қатігездіктерді тоқтатпай шешілмейтінін жақсы біледі.

Дағдарысқа қатысушы әртүрлі ойыншылар өз мақсаттарын қару арқылы ілгерілетуді қоймайынша саяси үдерістер мен мәселелерді шешу туралы сұхбаттасу да мүмкін емес.

Мұнымен қоса Астана келіссөздерінің мақсаттары отырысқа қатысатын ойыншылармен шектелмейді.

Себебі, Сирия дағдарысына қатысып жатқан басқа ойыншылар осы дағдарыстағы қатігездіктер мен қақытығыстардағы негізгі үлесті құрайды.

Қазіргі жағдайда Сирия дағдарысының созылып кетуі сол ойыншылардың, соның ішінде Американың басшылығындағы лаңкестер мен қарулы топтардың әрекеттерімен тығыз байланысты.

Әртүрлі ойыншылардың қазіргі жағдайдың жалғасуының, әртүрлі қарулы топтардың болуы мен Сирияның біртұтастығына қауіп төндіретін әрекеттердің аймақ пен Сирияның айналасындағы елдерде бейберекеттік тудырып, қауіпсіздікті жояды дегенді мәселені түсінуі маңызды саналады.

Қазақстанның бұл үдеріске бейтарап ойыншы ретінде қатысуы тараптардың өзара түсіністіктерінің артуына себеп болып,  арағайындық рөлі арқылы келіссөздің кеңістігін жақсарта алады.

 

 

Тегтер