Сәу 06, 2022 17:56 Asia/Almaty

Израиль әскері басып алынған Құдсте палестиналық жастармен қақтығыс кезінде 10 шақты палестиналықты жаралап, қамауға алды.

 

Басып алынған Құдстың Баб әл-Амуд аймағы қасиетті Рамазан айы басталғаннан бері палестиналықтар мен сионистік әскерилердің арасындағы шиеленіс пен қақтығыстардың куәсі болды. Палестина жастары ежелден қалыптасқан рсәмдері бойынша, Рамазан айында Баб әл-Амуд аймағында жиналады. Сионистік әскерилер олардың жиынына шабуыл жасап, басып алынған Құдстегі қақтығыстар мен шиеленістерге себеп болды. Сейсенбі күні Израиль күштері Баб әл-Амуд аймағындағы Дамаск қақпасында жиналған палестиналық жастарға шабуыл жасады.  Iran Press-тің Құдстағы тілшісінің хабарлауынша, басқыншы сионистік содырлар Баб әл-Амуд аймағында палестиналықтардың шеруін таратқан кезде сегіз  палестиналықты тұтқынға алды.

 

Тегтер