Маусым 03, 2022 19:05 Asia/Almaty
  • Биылғы жылдың басынан бері 62 палестиналық шейіт болды

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Палестина жерлерінде бұрын-соңды болмаған шиеленістердің күшеюі салдарынан осы жылдың басынан бері 62 палестиналықтың шәйіт болғанын хабарлады.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің мәліметінше, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемесінде бұл палестиналықтардың Иордан өзенінің батыс жағалауы, Шығыс Құдс және Газа секторында шәһид болғанын хабарлады. Соңғы оқиға кеше бейсенбі күні таңертең сионистік әскерилердің Бейт-Лахамның оңтүстігіндегі Әл-Дахише босқындар лагеріне жасаған шабуылы кезінде  29 жастағы ер адамның шәһид болуы болды.

 

Тегтер