Қар 21, 2022 18:00 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларына шабуылдардың жаңа легін бастады

Сақшылар корпусының құрлық күштері Ирактың солтүстігіндегі Иранға қарсы сепаратист лаңкестердің позицияларына зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдардың жаңа легін бастағанын хабарлады.

Сақшылар корпусының құрлық күштері баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ирактың солтүстігіндегі Иранға қарсы сепаратист лаңкестердің  позицияларын, қастандық дайындау, жаттығу және жасақтау орталықтарын жою жұмыстарының жалғасында бүгін, дүйсенбі таңертең Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты Хамза гарнизоны әлемдік үстемшілдерге жалданғандардың кейбір позицияларына зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар атты.

Осы мәліметке сәйкес, Ирактың солтүстігіндегі Джазникан, Заргуиз және Куй-е Санджақ аудандарына жасалған шабуылдарда белгіленген нысаналар жойылып, лаңкестерге ауыр соққы жасалды.  

Тегтер