Жел 28, 2022 13:52 Asia/Almaty
  • Екі ирандық шахматшы сионистік режим өкіліне қарсы ойыннан бас тартты

Иранның екі ұлттық шахматшысы сионистік режим өкілімен ойнамады.

Желтоқсанның 26-30 аралығында Алматы қаласының Спорт сарайында шахматтың жылдам және блиц түрі бойынша 24-ші әлем чемпионаты өтуде.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанда өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатында және ерлер бөлімінде Пуя Идни сионистік шахматшыға қарсы турнирдің төртінші кезеңіне қатысқан жоқ. Бұл жарыста Иран өкілі екі жеңіс, екі жеңіліс және бір тең ойынмен 2,5 ұпай жинап, осы жарыста 91-ші орынға ие болды. Иранның жас ұлттық шахматшысы Бардия Данешвар үшінші айналымда сионистік режим өкіліне қарсы шыққан жоқ. Бұл шахматшы 2 ойында жеңіске жетіп, 2 ойында жеңіліп, бір ойында тең түсіп, 2,5 ұпаймен 99-орынға тұрақтады.

Тегтер