Қаң 15, 2023 21:49 Asia/Almaty

Сенбі күні кешке Тель-Авивте мыңдаған адам сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның кабинетінің әсіре мүшелеріне қарсы шеруге шықты.

Сионистік режимнің "Кан" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шеру Тель-Авивтің орталық бөлігіндегі Габима алаңында өтті. Тель-Авив полициясының айтуынша, шеруге 15 мың адам қатысқан.  

Басып алынған жерлердің солтүстігіндегі Хайфа қаласында да 1500 адам "Хуриф" алаңына жиналып, Нетаньяху мен оның әсіре кабинетіне қарсы наразылық білдірді.

Басып алынған Құдстағы шерушілер Беньямин Нетаньяху үйінің алдына жиналып, оған қарсы ұрандар айтты.  

 

Тегтер