Ақп 26, 2023 19:49 Asia/Almaty

Сирияның солтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару топтары тәулік бойы үйінділерді қазып, қаза тапқандарды алып шығуға талпынып жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алепподағы Иранның бас консулдығының ұйымдастыруымен ирандық құтқарушылар сириялық құтқарушыларға осы елдің солтүстігінде болған 7,8 балдық жер сілкінісінің салдарымен күресуге көмектесіп жатыр.

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының құтқарушылары сириялық құтқарушыларымен бірге ауыр техникамен үйінділерді аршып, Алеппо тұрғындарына және зілзаладан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.

Тегтер