Нау 27, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Басып алынған Палестинада сионистік режим Премьер-министрінің саясатына наразылық ретінде ауқымды шеру өтті

Басып алынған Палестинаның түрлі қалаларында, соның ішінде Құдс, Тель-Авив пен Хайфада сионистік режим Премьер-министрінің саясатына наразылық ретінде ауқымды шеру өтті.

Бұл наразылықтар Беньямин Нетаньяхудың осы режимнің Соғыс министрі Йоав Галантты қызметтен алып, сот саласында өзгерістер жасалуын талап еткеннен кейін күшейіп кетті. Нетаньяхудың сот саласында өзгерістер жасау жобасын орындаудағы мақсаты – өзінің қаржылық ісінің қудалануының алдын алу.

Полиция Құдстағы Нетаньяхудың үйін басып алуға тырысқан наразылармен қақтығысып, біразын қамауға алды.

Израильдің 12-ші телеарнасы Ликуд партиясының аға мүшелерінің біріне сілтеме жасап: "Нетаньяху елді бақылаудан шығарып алды",-деп хабарлады. Бұған дейін сионистік режимнің Президенті Ицхак Герцог:"Израильде қазір болып жатқан нәрсе – шынымен қорқынышты апат",-деп ескерткен.

Тегтер