Нау 27, 2023 20:22 Asia/Almaty
  • Палестина қарсыласу күштері сионистерге қарсы 27 іс-қимыл ұйымдастырды

Палестинаның "Моти" статистикалық орталығы: "Палестина қарсыласу күштері өткен бір тәулікте Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистерге қарсы 27 іс-қимыл ұйымдастырды",-деп мәлімдеді.

Сионистік әскерилер мен қалашық тұрғындары күн сайын түрлі сылтаулармен Палестинаның қорғансыз халқын шәһид етеді, жаралайды немесе қамауға алады. Палестиналықтар да сионистердің қылмыстарына жауап ретінде қарсыласу әрекеттерін жасайды.

Палестинаның "Моти" статистикалық орталығы: "Палестина қарсыласу күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аудандарда және басып алынған Құдста сионистік әскерилерге оқ атып, жарылғыш заттар лақтырып қарсылық білдірді",-деді.

Палестина қарсыласу күштері Құдс, Калькилия, Дженин, әл-Халил, Рамалла, Наблус, Бейт-Лахем және Тулкарамда сионистердің шабуылдарына тойтарыс жасады.

Тегтер