Сәу 19, 2023 12:08 Asia/Almaty

Сирия Президенті: «Сауд Арабиясының икемді және шынайы саясаты араб елдері мен бүкіл аймақтың мүддесіне сай келеді»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Дамасктен хабарлауынша, Башар Асад  Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен Дамаскідегі Халық сарайында кездесуінде араб елдерінің халықаралық аренадағы қазіргі оқиғалардың көлеңкесінде ынтымақтастығын осы өзгерістерді аймақ халықтарының мүдделерін қамтамасыз ету жолында пайдалану үшін қажет екенін мәлімдеді.

Сирия Президенті сондай-ақ Сирия үкіметі мен халқы осы елге қарсы соғыстың зардаптарын еңсеріп, тұрақтылық пен бейбітшілікке шоғырланып, басып алынған Голан аймақтарын ішкі азат еткеше араб елдерін Сирия халқына қолдау көрсетуге шақырды.

Фейсал бен Фархан да осы кездесуде эр-Риядтың Сирия үкіметі мен халқының соғыстың салдарын табандылықпен жеңіп, тұрақты дамуды жүзеге асыратынына сенімді екенін айтты.

Тегтер