Сәу 19, 2024 23:42 Asia/Almaty
  • ДАИШ неге Израильмен емес, қарсыласу қозғалысымен соғысты?

Батыс Азия аймағындағы қолайсыз экономикалық жағдайды және Ауғанстанда Кеңес Одағына қарсы партизандық топ құру тәжірибесін пайдаланып, Батыс Азияда кәсіби дайындықтан өткен ДАИШ лаңкестік тобы құрылды. Іс жүзінде бұл топ АҚШ-тың әскери қызметкерлерін және әскери базаларын Батыс Азиядан шығару ұранын көтерген Ирак, Сирия, Ливан және Иран сияқты қарсыласу өзегін жою мақсатында соғыс бастады.

Зерттеулер көрсеткендей, Израиль Палестинаға қарсы қылмыстарын жалғастырып, аймақта соғысты кеңейтуге ұмтылып, Ливан мен Сирияға, содан соң Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуыл жасағанынан кейін кейбіреулер оның деструктивті мінез-құлқының ДАИШ лаңкестік тобымен ұқсастығын талқылай бастады.  

Мынадай маңызды сұрақ туындады: Израиль Батыс Азиядағы қарсыласу өзегін жою жобасын аяқтауға тырысып жатыр ма? Бұдан бұрын бұл жобаны орындау ДАИШ-ке (ISIS) жүктелген еді.

Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары арасында мынадай сұрақ қайта көтерілді: ДАИШ сырттай исламдық ұранға сүйенген идеологияға ие болса да, неге мұсылмандардың жауы Израильге бірде-бір оқ атпады? Неліктен "Шам мен Ирактағы ислам мемлекеті" деп аталатын ДАИШ лаңкестік тобының нысанасы Иордания сияқты кейбір араб елдері мен сионистік режим болмады?

Осы топ жариялаған видеолар мынадай ақиқатты көрсетеді: Бұл топты фильмдер мен медиа материалдарды түсіру бойынша ең кәсіби террористік топ деп санауға болатыны сөзсіз. Адамдарды өртеу немесе өлтіруге қатысты  кәсіби түрде түсірілген видеолар Голливуд киносының көріністерін еске түсірді.

ДАИШ лаңкестік тобының көліктері мен құрамы

Бұл көріністерді ұйымдастыру тек қаржы және медиа қуаты зор ірі кино және медиа компаниялардың ғана қолынан келеді. Яғни ДАИШ – кәсіби ерекшеліктері бар, қаржылай, саяси және ақпараттық құралдардың қолдауына ие терроризмнің жаңа нұсқасы. Жаңа нұсқа бейберекеттік тудыруға бағытталған әл-Каида сияқты лаңкестік топтарды толықтыру мақсатында құрылған. Бұл топ отаршылдыққа қарсы қарсыласу өзегін жоюмен қатар, аймақта кейбір алпауыттардың болуын ақтауы керек болды.

Хиллари Клинтон өзінің «Қиын таңдаулар» кітабында әлемнің кейбір бөліктерінде пайда болған тынышсыздық пен бейберекетті "конструктивті хаос" деп атады. Ол басқа бір жерде сөйлеген сөзінде: "ДАИШ – конструктивті хаос тудыру мақсатында құрылған америкалық идея мен жоспар",-деп мойындады. Бұл мәлімдемені Трамп үнемі сынға алған.

Бұл лаңкестік топтың аймақтағы лаңкестік топтардың бұрынғы үлгілерінен көп айырмашылығы болды. Әрине бұл топқа жаңа миссия жүктелді.  

ДАИШ-тың Ирактың Ниневия қаласында жарған бомбасының үлгісі

ДАИШ әл-Каида сияқты АҚШ-тың аймақтағы экспансиялық саясатын ақтау үшін лаңкестік топтардың моделін жалғастыру мақсатында құрылды. Сонымен қатар исламды әлемде қатыгез дін деп таныстырып, мұсылмандарға қарсы қатыгез әрекеттерді ақтау үшін қолданылды.    

Мұнымен қоса, ДАИШ Батыс Азияда қарсыласу өзегін басқарып отырған және араб-ислам елдеріне терең ықпал ететін стратегиялық маңызды екі ел –Сирия мен Иракты нысанаға алды. Олар Ливан мен аймақтағы кейбір елдер және ақырында Иранға қарсы әрекет етті.  

Осы күрделі жобада байқалғандай, Сирия Батыс Азиядағы қарсыласу өзегінің негізгі ұйымдастырушыларының бірі ретінде бар күшін ішкі мәселелерге және лаңкестік топтармен күресуге жұмсауы керек еді. Сонда Батыстың басты одақтасы болған сионистік режимнің айналасы толық қауіпсіздікте болатын еді.

ДАИШ әлемдегі кейбір алпауыттар тарапынан 2000 жылы аймақтың географиясын өзгерту мақсатында жобаланған "Жаңа Батыс Азия" жоспарын толықтыру мақсатында құрылды.

Бұл жобада АҚШ-тың мүдделеріне қайшы ұстанымға ие елдер бөлшектенуі тиіс болды.  

Бәрі үшін таңғаларлық жайт мынау: ДАИШ неге исламның атымен мұсылмандарды өлтіреді, бірақ сионистер олардың дұшпаны емес?

ДАИШ-тың ең ауқымды әрекеттерінің бірі Сирия мен Иракта діни зиярат орындары мен тарихи мешіттерді қирату болды.

Шын мәнінде ДАИШ сияқты лаңкестік топтарды жобалауда АҚШ-қа жақтасатын тараптарға зиян тигізбеу қарастырылған. Осы тұрғыдан ДАИШ Ирак пен Сирияда және кейде Ливанда соғыс ашып, қиратып, адамдарды қырып-жойды, бірақ Израильдің жеріне аяқ баспады, ол жаққа оқ атпады, АҚШ-тың аймақтағы одақтасы Иорданияға зиян тигізбеді.

ДАИШ-ты құрып, оны пайдалануда бәрі есептелген еді. Бірақ тежеуші фактор ескерілмеді. Ол жаңа фактор ретінде ДАИШ-ты құрушылардың барлық саяси есептерін бұзды.

Осы тұрғыдан Иранның қарсыласшыл және аймақшыл дискурсының әсерінен ДАИШ-пен күресудің жаңа үлгілері қалыптасты.

Ирак пен Сириядағы халықтық қарсыласу күштері сияқты үлгілер Ливан қарсыласу күштерімен бірге және Иранның әскери кеңестері арқасында Қасем Сүлеймани сияқты әйгілі қолбасшылардың көмегімен ДАИШ үкіметінің  географиясын мәңгіге жойып жіберді.   

Дегенмен, содан бері мына мәселеге баса назар аударылып келеді: ДАИШ-ты құлату және біржолата құрту үшін осы лаңкестік топтың интеллектуалдық және идеологиялық негіздерін жою керек. Ал бұл идеология АҚШ-қа одақтас сырттай исламдық кейбір елдер тарапынан жобаланған.  

ДАИШ-ке қарсы қарсыласу өзегінің басты қолбасшысы сардар Қасым Сүлеймани Ирак пен Сирияның халықтық қарсыласу күштерімен бірге

Сараптамашы: Мехди Азизи

Дереккөзі: Mehr News агентігі

Тегтер