Иран мен Ресей ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қуаттады
(last modified Thu, 10 Apr 2025 02:43:12 GMT )
Сәу 10, 2025 08:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қуаттады

ParsToday - Иран Ислам Республикасының Ресейдегі елшісі Казем Джалали мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясы директорының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Николай Спасский кездесуде атом энергетикасы саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына баса назар аударды.

ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Мәскеуде өткен кездесуде мемлекеттік «Росатом» корпорациясы мен Иранның Атом энергиясы ұйымының бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика саласындағы табысты ынтымақтастығы екі елдің қоршаған ортаны сақтау мен қорғау және таза энергиямен қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуетті ресурстарды пайдалану және тұрақты даму жолындағы ынтымақтастықтың тиімді үлгісі ретінде сипатталды.

Бұған дейін «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев 2025 жылдың 21 ақпанында: «Компания Иранмен елде тағы бір атом электр станциясын салу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр», -деген.

 

Иран мен Ресей Рашт-Астара теміржолының құрылысын жеделдету үшін келіссөздер жүргізді

Казем Джалали мен Ресей көлік министрінің орынбасары Дмитрий Зверев сейсенбі күні кездесіп, екі ел арасындағы Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі ынтымақтастықтың жай-күйін, әсіресе Рашт-Астара теміржол құрылысы жобасын және осы жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді талқылады.

19 ақпанда Ресейдің көлік министрі бұл ел Мәскеу-Теһран өзара түсіністік меморандумы аясында алдағы бір-екі айда Рашт-Астара теміржол желісін салу бойынша зерттеулерді бастауы мүмкін екенін хабарлады.