Maм 07, 2016 20:41 Asia/Almaty
  • ХАМАС халықаралық қауымдастықтан Газа қоршауының күшін жоюды сұрады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС халықаралық қауымдастықтан сионистік режимге қысым жасап, осы режимнің Газа секторына қарсы әділетсіз қоршауын доғаруды талап етті.

ХАМАС қозғалысы өз мәлімдемесінде халықаралық қауымдастық пен барлық тараптар мен жауапты органдардан Газа секторындағы жағдайдың ушығуының алдын алуды және осы аймақтың қоршауының күшін жоюға талпыныс жасауды сұрады. Сионистік режим 2007 жылдан бері Газа секторын қоршауды күшейтіп, негізгі тауарлардың, соның ішінде жанармай мен дәрі- дәрмектің осы аймаққа кіргізілуіне тосқауыл қойып отыр. Осы мәселе аймақта электр тапшылығына себеп болып отыр.

Тегтер