Маусым 11, 2023 23:34 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилер Мысырмен арадағы шекарада қызмет етуден бас тартып жатыр

Сионистік режимнің кейбір ақпарат құралдары таяуда Мысырмен арадағы шекарада бір мысырлық сарбаз шабуыл жасап, сионистік режимнің үш сарбазы қаза тапқаннан кейін осы режимнің әскерилері бұл шекарада қызмет етуден бас тартып жатқанын хабарлады.

Сионистік режимнің "Бардалас" батальонының әскерилері соңғы бірнеше күнде Мысырмен шекарада 12 сағат бойы қызмет етуден бас тартты.

Мысырлық сарбаз Мұхаммед Фаллах 3 маусымда сионистік әскерилермен қақтығыста 3 сарбазды өлтірді.

Сионистік әскерилер өз қолбасшыларына Мысырмен арадағы шекарада ұзақ уақыт бойы қызмет ете алмайтындарын айтып, бұйрықтың шұғыл түрде өзгертілуін сұраған.

Тегтер