Шіл 11, 2023 17:44 Asia/Almaty

Al-Jazeera Mubasher телеарнасы сионистік режимнің Кнессет ғимаратына сот реформасы туралы заңның бекітілуіне наразылық білдірушілердің шабуылының бейнесін жариялады.

Хабарларға қарағанда, Нетаньяху сот реформасын енгізу үшін Кнессетке ұсынған заң жобасының алғашқы оқылуында наразылық білдірушілер Кнессет ғимаратына басып кірген. Сионистік полиция Кнессет мәжілісінің залдары ішінде бірнеше шерушімен қақтығысып, оларды күшпен қамауға алды. Кнессет ғимараты алдында сот реформасы жоспарына қарсы шерулер жалғасуда. Нетаньяху қарастырған сот реформалары судьяларды іріктеу комитетінде оған үстемдік етуге мүмкіндік береді, содан кейін Жоғарғы сотты әлсіретіп, оның өкілеттіктерін шектейді.  

 

Тегтер