Там 06, 2023 14:17 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық сионистердің оғынан шәһид болды

Палестина ақпарат көздері жұма күні кешке 19 жастағы палестиналық Қаси Джамал Матанның Рамалланың оңтүстігінде сионистердің оғынан шәһид болғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рамалланың оңтүстігіндегі Барака ауылында бір жас палестиналық сионистік қалашық тұрғынының оғынан шәһид болды.

Сондай-ақ сионистік режимнің басқыншы күштері Дженининің Хараш-ас-Саада ауданында бір жеке көлікке оқ атып, екі палестиналықты жаралады.

БҰҰ жұма күні сионистік қалашық тұрғындарының Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина халқы мен мал-мүлкіне шабуылдарының айтарлықтай артқанын ескерткен жағдайда сионистердің қылмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер