Там 10, 2023 23:54 Asia/Almaty
  • Сирияның шығысында Түркия мен АҚШ жалдамалылары қақтығысты

Түркияға қарасты "Ұлттық армия" деп аталатын лаңкестер Сирияның Хасака облысында АҚШ-қа қарасты "Демократиялық күштер" деп аталатын күрд содырлармен қақтығысып, екі тараптан да бірнеше адам қаза тауып, жараланды.

Түркия Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелерімен күрес сылтауымен Ирак мен Сирияда әскери амалдар мен шабуылдар жасап жатыр.

Америкалықтар көбіне Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысында орналасқан. Бұл жерлерде Сирияның мұнай мен газ кен орындары бар. АҚШ күн сайын Сирияның мұнайын контрабандалық жолмен тонап, Ирактың Күрдістаны мен Түркияның қара базарларында сатып жатыр.     

 

Тегтер